Бұдан былай Өзбекстанға баратын азаматтар, сонымен бірге шетел туристері коронавирусқа байланысты ПТР тест тапсырмайды, екпе алғаны жөнінде құжат көрсетпейді. Кірерде антиген анықтайтын экспресс-тест те тапсырмайды.
10 маусымнан бастап елде коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген барлық шектеулер жойылады.
8 маусымнан бастап аталған шектеулерді Қазақстан алып тастаған.