Өзбекстан латын қарпінен тұратын әліпбиге көшу туралы заң жобасын тағы жарты жыл талқылайды

Өзбекстанда латын қарпіне негізделген өзбек әліпбиіне көшу туралы заң жобасын талқылау 1 қарашаға дейін созылады.

Бұл туралы үкіметтің Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент маман ұсыныстары мен халықтың пікірлерін ескере отырып, талқылауды созу туралы шешім қабылдаған.

Жарты жылда үкімет ғылыми конференциялар, лекциялар және семинарлар ұйымдастырады.

Бұған дейін хабарланғандай, латын қарпінен тұратын өзбек әліпбиін талқылау 16 наурызда аяқталуы тиіс болған. Өзбекстанның ғылым академиясы дайындаған жаңа әліпби 28 әріптен тұрады.

Мәліметтерге қарағанда, заң жобасы жарты ай талқыланған уақытта ол 26 мың рет қаралып, 1035 пікір жазылған. Интернет қолданушылардың 56 пайызы (547) әліпби реформасын қолдайды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий