Өзбекстан мақта мен бидай ұрығын Өзбекстанға гуманитарлық көмек ретінде береді

Өзбекстан Қырғызстанға 1000 тонна бидай ұрығын береді. Оның 500 тоннасы гуманитарлық көмекке жатады. Қалған 500 тоннасы Өзбекстанға астық ретінде қайтарылады. Бұл туралы Қырғызстанның премьер-министрі Ұлықбек Марипов хабарлады.

Премьердің айтуынша, бұған қоса Өзбекстан 500 тонна мақта тұқымын беретін болды. 250 тонна ұрық тегін берілсе, қалғаны кейін қайтарылады.

«Сонымен бірге Өзбекстан Қырғызстанға 10 мың тонна ұнды гуманитарлық көмек ретінде береді», — деді премьер-министр.

Бұған дейін хабарланғандай, 103 жылдық тарихы бар Ош Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрын Өзбекстан өз қаржысымен жөндейтін болды.

Хабарларға қарағанда, Өзбекстан Ош қаласындағы театрды жөндеуге 37,5 миллион сом (440 мың доллар) береді.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий