Шавкат Мирзияев ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта бірлесіп игеру жөнінде үкіметаралық келісімді бекітті. Келісімге былтыр 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған.
Өзбекстандағы жергілікті басылымдардың жазуынша, бұл келісімді жүзеге асыратын тиісті мекеме — «Өзбеккосмос» болады.
Екі тарап бұл сала бойынша ғарыш ғылымын зерттеу, планеталарды зерттеу, ғарыш аппараттарын жасап шығару және оларды ұшыру секілді жұмыстарды бірлесіп атқарады.