Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Сауд Арабиясына сапары кезінде 17 тамызда Джиддада Өзбекстан-Сауд Арабиясы іскерлік кеңесінің төртінші отырысы өтті.
Ашық пікір алмасу сессиясында екі елдің өкілдері нақты жобаларға қатысты ұсыныстармен, шетел инвестициясын қорғау механизмдерімен, Өзбекстанда сәтті жұмыс істеп жүрген түрлі компаниялардың тәжірибелерімен танысты.
Кеңес нәтижесінде келісім-шарттарға қол қою рәсімі өтті. Бірлескен 15 құжат қабылданды. Олар энергетика, химия өнеркәсібі, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы, фармацевтика, медицина, көлік және логистика салаларын қамтиды.
Келісім-шарттардың жалпы құны 13,1 миллиард доллардан асты. Бұл — екі ел қарым-қатынасы тарихында кейінгі 30 жылдағы ең ірі нәтиже.