5 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон телефонмен сөйлесіп, Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісіп бара жатқанына байланысты аймақта қалыптасқан жағдайды талқылады.
Мемлекет басшыларының баспасөз қызметтерінің хабарлауынша, екі преидент өзбек-тәжік қарым-қатынасының өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Мирзияев пен Рахмон алда болатын кездесулерді, сонымен бірге Орталық Азия жетекшілерінің саммитін сөз етті.
Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының содырлары мен үкімет күштерінің Өзбекстан мен Тәжікстан шекараларына жақын маңдағы қарулы қақтыстары жиілеп кетті.
АҚШ аймақтағы үш мемлекеттің — Қазақстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның биліктерін Ауғанстанның тоғыз мыңға жуық азаматын өз аумақтарында уақытша орналастыру туралы келісімге отыруға шақырды. Құрама Штаттардың әскері бұл азаматтарға «Талибанға» қарсы соғысуға көмектескен.