Өзбекстан отандық бронды машинаны сынақтан өткізіп жатыр

Өзбекстан әскерде пайдалану үшін жасалған жеңіл брондалған TARLON автокөліктерін сынады. Өзбекстанның қорғаныс өнеркісібі жөніндегі мемлекеттік комитет 20 мамырда осылай деп хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, TARLON автокөлігі Өзбекстан Қарулы күштерінің және министрліктердің тапсырмасымен қорғаныс-өнеркәсіп кешендерінің кәсіпорындарында жасалған.

Жеңіл бронды автокөлік 11 адамды тасиды. TARLON халықаралық стандарттарға сай келеді.

Бронды көлікті әскерилер сынақтан өткізіп жатыр. Оған министрліктер мен мекемелердің, күш құрылымдарының өкілдері қатысты.

«Сынақтың алғашқы кезеңінде бронды машиналардың баллистикалық қорғаныс стандарттарына қаншалықты сай екені бағаланады. Оның түрлі кедергілерден, тау-тасты жолдарды өту мүмкіндігі болжанады», — делінген комитет таратқан ресми мәліметте.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий