Өзбекстан президенті 215 адамға рақымшылық жасады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында рақымшылық туралы заңға қол қойды.

Оған сәйкес, 215 жазасын өтеуші бостандыққа шығады. Оның ішінде үшеуі негізгі жазадан, 127-сі мерзімінен бұрын шартты жазадан босатылса, 12-сіне жеңіл жаза беріліп, 73 адамның жаза мерзімі қысқарады. Яғни, 142 адам үйіне оралады. Тағы бір тұтқынның жаза мерзімі жеңілдетіліп, еркіндігі шектеледі.

Рақымшылыққа ілінетін адамдардың ішінде 14-і әйел, 12 адамның жасы 60-тан асқан, 69-ы шетел азаматы, 15-і тыйым салынған ұйымға мүше болғандар.

Президент тарапынан тиісті мекемелерге рақымшылыққа ілінген адамдарды қоғамға бейімдеп, жұмыспен қамтамасыз ету тапсырылған.

Өзбекстанда рақымшылық жасау тәртібіне сәйкес, өзбек президенті кез-келген адамды кешіре алады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий