Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 11 мамырда энергетика мәселелері талқыланған жиналыста елде бензин мен дизель қорын құруды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.
Жиналыста елге бензин мен дизель кіргізуге қойылған шектеулердің бәрі алып тасталғаны айтылды.
Жанармай импорттаушылардың айналымдағы қаражатын толықтыруға несие бөлу туралы шешім қабылданды.
Қолайлы жағдай жасалуына байланысты биыл елге 5 мың электромобиль әкелінген. Енді аймақтарда да осындай жағдай жасалуы керек.
Соған байласты алдағы үш жылда 3500 мың қуаттау орталығын орнатуға арналған арнайы бағдарлама қабылданды. Аймақ басшыларына биыл электомобильдер үшін 900 орын ашу тапсырылған.