Өзбекстан президенті электр энергиясы өндірісін 50 пайызға көбейтетінін жеткізді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкімет мүшелерімен өткізген жиналыс кезінде биыл елге 18 күннен алынатын электр станциясын салуды және электр энергиясы өндірісін 50 пайызға арттыруды тапсырған.

Президенттің сөзінше, соңғы үш жылда энергетика саласына 8 млрд доллар инвестиция салынған.

Шавкат Мирзияев билікке келген 2016 жылдан бері энергетика саласын жақсарту мәселесін көтеріп келеді. Бірақ жыл сайын күз-қыс мерзімінде Өзбекстанда энергетикалық дағдарыс болады.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда электр энергияның 90 проценті жылу электр станцияларында өндіріледі.

Биыл қыста күн күрт суық болған кезде, Өзбекстандағы біраз жылу станцияларын істен шығып, тұрғындар жылусыз қалған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий