Өзбекстан президенті Францияға барады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 21-22 қарашада Франция басшысы Эммануэль Макронның шақыртуымен Парижде ресми кездесулер өткізеді. Бұл туралы өзбек президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мирзия жоғары деңгейдегі келіссөздермен қатар француз парламентінің төменгі палатасы — Ұлттық жиналда жүздесулер өткізіп, осы елдегі ірі компаниялар мен банктерінің басшылары қатысатын іскерлік іс-шараларға барады.

Келіссөздер нәтижесінде оннан астам маңызды екіжақты құжаттар қабылданып, инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылады деп жоспарланған.

«Сапар өтетін күндері әлемге әйгілі Лувр мен беделді Араб әлемі институтында еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасына арналған теңдессіз көрселер ашылады», — деп жазылған ресми хабарламада.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий