Өзбекстан президенті ОА шекаралары бойынан сауда аймағын құруды ұсынды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 21 шілдеде Қырғызстанның Шолпан ата қаласында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде шекара аймағынан сауда жүйесін құруды ұсынды.

Ол сөзінде ынтымақтастықтың жаңа форматы арқасында соңғы бес жылда ішкі сауда айналымы екі есеге өсті деді. Дегенмен ол аймақтың бар мүмкіндігі толық ашыла қоймағанын айтып, әріптестікті тереңдетуіміз қажет деді.

«Өзара сауданы дамытатын жаңа форматтар керек. Шекара аймағынан жеңілдетілген ережелері бар сауда жүйесін құруды ұсынамын. Бұл үшінші елдерден келетін импорттарды өз тауарларымызбен алмастыруға мүмкіндік береді», — деді өзбек президенті.

Ол сонымен бірге жыл сайын өтіп тұратын Орталық Азия аймақтық форумын құруды ұсынды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий