Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы 5 маусымдағы отырысында 9 шілдеде өтетін президент сайлауына үміткерлерді тіркеді.
ӨзА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, комиссия жиналысында Өзбекстанда сайлау қарсаңындағы үгіт-насихатты 7 маусымда бастау жөнінде шешім қабылданды.
Комиссия халық-демократиялық партия атынан Ұлықбек Иноятовты, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан Робахон Махмудованы, экология партиясынан Әбдушүкүр Хамзаевты, либерал-демократиялық партиядан Шавкат Мирзияевті президент қызметінен үміткер деп тіркеді.
Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат науқаны кезінде бұқаралық ақпарат құралдары үміткерлерге тікелей эфирге тегін шығуға жағдай жасайды.
Үгіт-насихат науқаны 7 шілдеге дейін жалғасады. 8 және 9 шілдеде үгіт-насихатқа тыйым салынады.