Өзбекстан Ресейдегі азаматтарын әкету үшін екі арнайы пойыз ұйымдастырды

«Узбекистон темир йуллари» Волжский қаласынан Ташкентке қатынайтын арнайы екі пойыз ұйымдастырды. Олар коронавирус пандемиясы кезінде Ресейде қалған өзбекстандықтарды елге жеткізеді.

Арнайы рейстер 18 және 25 ақпанда жолға шығады, деп хабарлады «Узбекистон темир йуллари» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Мәліметке қарағанда, билетті бір ғана «Волжский – Ташкент» бағытқа алуға болады.

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Өзбекстан шетелдегі бірнеше ондаған мың азаматтарын арнайы пойыздармен, чартер рейстермен елге қайтарды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий