Өзбекстанның энергетика министрлігі Ресейдің «Газпромнефть» компаниясымен 2023 жылы 300 мың тонна мұнай импорттау бойынша келісімге келді. Бұл туралы министрлік өкілі Адхамжон Убайдуллаев «Иннопром. Орталық Азия» көрмесінде мәлімдеді.
Үш күндік көрмеге Ресей, Өзбекстан және ТМД-ның өзге елдерінің 300-ге тарта компаниясы қатысып жатыр.
Былтыр желтоқсанда Өзбекстан мен Қазақстан 2023 жылы 300 мың тонна қазақ мұнайын, Қазақстан арқылы тағы осынша көлемде орыс мұнайын жеткізу бойынша келісімге келген. Бұдан бөлек тараптар газ секторын құру және модернизациялау бойынша келіскен.