Британдық The Economist журналы Ресейдің геосаяси одақтастары индексін түзген. Оның ішінде Өзбекстан 12-орында тұр.
Индексте Өзбекстанды Ресейге қарсы БҰҰ резолюциясына дауыс бермегені атап өтілген. Алайда Ресейге қару тасымалдамағаны, ҰҚШҰ-ға мүше емес екені, сонымен бірге былтыр бірлескен әскери жаттығуға қатыспағаны айтылған.
The Economist мәліметінше, Өзбекстан Ресей газына тәуелді емес. Бірақ екі елдің сауда қатынасы бірнеше пайызға өскен.
Ресейдің геосаяси одақтастары тізімінде Армения, Беларусь, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан бар.