Өзбекстан билігі «ұлттық менталитетке сәйкес келмейді» деген себеппен 25 желтоқсанда жоспарланған TikTok Fest атты фестиваль өткізуге тыйым салды.
Өлкенің мәдениет министрлігі таратқан мәлімдемеде «фестиваль әлеуметтік желілерде сынға алынғаны», «жастардың санасына кері әсерін тигізетіні» және «ұлттық менталитетке қарсы келетіні» жазылған.
Ташкент қаласында өткізу жоспарланған фестивальға ресейлік видеоблогерлер Даня Милохин, Артур Бабич, Егор Шип және басқалар қатыспақ болған.
Өзбекстанда шараларды өткізуге рұқсатты ішкі істер министрлігі және жергілікті билік мәдениет министрлігімен кеңесіп береді.
Өзбек билігі осыған дейін саяси мәселелерді көтерген жергілікті видеоблогерлерге қысым көрсетіп келген.
Биыл сәуір айында Ташкент метросында фейк үйлену тойын өткізгендерді түсірген тиктокерлерге 980 мың сум көлемінде айыппұл салынған.
11 мамырда Алишер Навоидің ескерткіші жанында түсірілген «Тик-Ток» үшін Самарқандтың екі тұрғыны 15 күнге қамалған.
Осыдан кейін ел президенті Шавкат Мирзияев бұл оқиғаны сынға алып, бұл үшін жазаны күшейту керегін ескерткен.