Өзбекстан сенаты жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартуды мақұлдады

Өзбекстан сенаты жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл жөнінде жергілікті басылымдар жазды.

Елдің Қылмыстық кодексінің «Жаппай тәртіпсіздік туралы» заң жобасына ұсынылған өзгерістерге сәйкес, оған «Билік өкілінің заңды талаптарына бас имеуге шақыру», «Жаппай тәртіпсіздікке үндеу» және «Азаматтарға қарсы зомбылық жасауға шақыру» деген бөлімдер енгізілді. Бұларды бұзғандар үшін 100-ден 300-ге дейін базалық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу, екі жылға дейін қоғамдық жұмыстарды атқару, 3-5 жылға еркіндігін шектеу және 3-5 жылға дейін қамауға алу жазалары қарастырылған.

Сонымен бірге жоғарыда көрсетілген әрекеттерге бір топ адамдар барса және әлеуметтік желілер арқылы шақырса, 300-ден 400-ге дейінгі есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, 2-3 жылға қоғамдық жұмыстырға тартылып және 5 жылдан 10 жылға дейін еркінен ажыратылады.

Бұдан тысқары өлкенің Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне де өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, заңды орындамауға және бұзуға шақырғандар 60-тан 80-ге дейінгі базалық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Өзгерістерге сәйкес, сайттардың иелері мен блогерлер парақшаларына мониторинг жасап, жаппай тәртіпсіздікке, зорлық-зомбылыққа және митингке қатысуға шақырған пікірлерді өшіріп тұруға міндетті болады.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий