Экономика және бейбітшілік институтының Global Terrorism Index 2023 деп аталатын жаңа баяндамасында Өзбекстан терроризм қауіпіне байланысты жағдайы нашарлаған ел деп бағаланды.
Өзбекстан террорлық қауіпі бар рейтингте 163 елдің ішінен 70-орынға жайғасқан. Орталық Азиядағы елдердің ішінен Өзбекстанға салыстырмалы Тәжікстанда ғана терроризм қауіпі жоғары деп танылып, 50-орында тұр.
Баяндамада Қырғызстан, Қазақстан және Түркіменстан терроризм қауіпі жоқ елдердің қатарына енгізілген.
Ауғанстан террористік қауіпі ең жоғары деп бағаланып, рейтингте 1-орында тұр. Екінші орынға Буркина-Фасо (Батыс Африка), үшінші орынға Сомали жазылған.
Осыған дейін Өзбекстан көптеген жылдар бойы терроризм қауіпі жоқ елдердің қатарында болып келген.