Өзбекстан туы түсіндей лентаны алып жүрген жеткіншекке қатысты сот шешімі жойылды

Өзбекстанда өлкенің мемлекеттік туының түсіндей лентаны алып жүрген жеткіншекке қарсы қозғалған әкімшілік іс жойылды. Бұл жөнінде елдің бас прокуратурасы мәлімдеді.

«Бас прокуратураның араласуымен жасөспірімге қарсы заңсыз шығарылған әкімшілік іс жойылды», — делінген мекеме мәлімдемесінде.

Әкімшілік кодексте Өзбекстан мен Қарақалпақстанның мемлекеттік туы, белгісі және әнұраны туралы заңды бұзғаны үшін базалық есептік көрсеткіш (86 доллар) көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Егер бұл заңды қызмет адамдары бұзса, айыппұл көлемі үштен жетіге дейін базалық есептік көрсеткішті құрайды.

Өзбекстанның мемлекеттік туы түсіндегідей ленталар мектептерде оқу жылы аяқталған күні және 9 мамырда кең қолданылады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий