Өзбекстанда қамаудағы әйелді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген абақты басшысы 5 жылға сотталды

Өзбекстандағы Жизақ облысы Заамин ауданында уақытша тергеу изоляторының басшысы қамаудағы әйелді жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деген айыппен сотталды.

Сот үкімі 30 қарашада оқылды. Журабек Шодиев 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қоныс колониясында өтейді.

Уақытша тергеу изоляторында зорланған әйел ісіне қатысты сот үкімі оқылған уақытта залға ешкімді кіргізбеді. Жәбірленуші сот үкіміне риза еместігін мәлімдеді.

Аудандық соттың хабарлауынша, жәбірленуші сот үкіміне шағымдана алады.

Биыл маусым айында Заамин ауданында алаяқтық жасады деген күдікпен М. есімді әйел ұсталған. 21 маусымда ол прокуратураға шағымданып, «тергеу изоляторының башысы Журабек Шодиев зорлық көрсеткенін» айтты. 31 тамызда мекеме басшысы ұсталды.

Алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған әйел дәлел жоқтығынан қамаудан босатылды.

– Мен сотқа жеті мәрте бардым. Сот үкімі шығатын күні оған тағылған айыптардың екеуі түсіп қалғанын білдім. Сөйтіп 5 жыл ғана берді. Сараптама қорытындысы назарға алынбаған, прокурор 10 жыл сұраған, – дейді жәбірленуші.

Оның тауыстары президент порталы мен әділет министрлігіне шағым жолдаған, бірақ әлі жауап алмаған.

Сотталушының да сот үкіміне арызданғаны мәлім.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий