Өзбекстанда қызын таяқпен сабаған әке үш жылға сотталды

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы аудандық сот 7 маусымда 14 жастағы қызын ұрған әкені үш жылға соттады.

Әлеуметтік желілерде бір ер азаматтың жас қызды ұрып жатқаны туралы видео тараған. 19 сәуірде бас прокуратура осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Видеода жерде жылап отырған қызды бір әйел жұлқылап тұрғызады, сол сәтте олардың қасына бір ер азамат келеді. Қыз егістік алқабына қарай қашады. Әйел қызды қуып жетіп, оны таяқпен ұрған ер азаматты тоқтатуға талпынады.

«Қашқадария жаңалықтары» Telegram-арнасының хабарлауынша, видеодағы әйел — әкесінен таяқ жеген қыздың өгей шешесі.

Видеоны қыздың нағашысы түсірген. Ол: «Бәріңді түрмеге отырғызам» деп айқайлаған. Видеоны ішкі істер органдарына сол жібергені мәлім.

Мәліметтерге қарағанда, «өгей шеше қызға күн бермеген, сол себепті ол нағашысының үйіне қашып кеткен». Әкесі мен өгей шешесі жас қызды алып кетуге келген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий