Өзбекстанда әйелімен ұрысқан тұрғын үш баласы мен өзіне қол салған

Самарқандтың 36 жастағы тұрғыны Израильде жұмыс істеп жүрген әйелімен телефонмен сөйлесіп жатқанда ұрысып, екі қызы және ұлына пышақ салған. Бұл жөнінде Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, тұрғын 10, 12 және 13 жастағы балаларын өлтіргеннен кейін, өзіне қол салған. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл оқиға бойынша «Әдейілеп адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий