Өзбекстанда 1 наурыздан бастап Аи-80 маркалы бензин бағасы қымбаттайды

Өзбекстанда 1 наурызда Аи-80 үлгісіндегі импорттық және жергілікті бензинге қойылған нөлдік акциз мерзімі аяқталып, аталған маркалы бензин бағасы қымбаттайды. Бұл туралы «Өзбекмұнайгаз» компниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Былтыр 10 желтоқсанда газ толтыру орындарының ісіне енгізілген шектеулерге және бензинге қатысты талаптың өсуіне байланысты президент жарлығымен Аи-80 үлгісіндегі жергілікті және импорттық бензин үшін акциз салығы уақытша төленбейтін болған.

Өзбек билігінің бұл шарасынан кейін Аи-80 бензинінің бір тоннасының нарықтағы бағасы 8,09 миллион сум болып тұрғанда, 10 желтоқсаннан кейін ол 6,29 миллион сумға дейін төмендеген.

«Өзбекмұнайдың» баспасөз қызметі 1 нурыздан бастап бір тонна жергілікті Аи-80 бензинінің нарықтағы бастапқы бағасы 6,86 миллион сумды, импорттық бензин 8,036 миллион сумды құрайтынын, жалпы орташа 8,15 миллион сумға жететінін мәлімдеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий