Республиканың арнайы комиссиясы 1 сәуірден бастап карантин талаптарын күшейту туралы шешім қабылдады.
Комиссия шешіміне сәйкес, 1 сәуірден бастап республикада 100 адамнан көп жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынады.
Бұған қоса, театрлар мен кинотеатрларда көрермендер медициналық маска тағып жүруі тиіс. Ал залдағы көрермендер 50 пайыздан аспауы керек.
Ойын-сауық бағдарламаларына арналған билеттерде «Деніңіз сау болғанда ғана қойылымға келіңіз» деп жазылуы керек.
Залдарға кіретін жерде кезекті реттейтін арнайы жолақтар тартылуы тиіс.
Залдарда карантин талаптарының толық сақталуына ұйымдастырушылар жауап береді.