Өзбекстанда 16 жастағы жасөспірім анасын өлтірді

Ташкент облысында 16 жастағы жасөспірім анасын өлтіріп, денесін жертөлеге көмген.

Өзбекстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 31 шілдеде сағат 21:00 шамасында болған. Прокуратура кісі өлтіру қылмысының нақты қай жерде болғанын жазбады.

Мәліметтерге қарағанда, жас жігіт анасын отбасындағы жанжал кезінде өлтірген. Ол таныстарынан көмек сұраған. Олар денені үйдің жертөлесіне көмген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады. «Қасақана кісі өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий