Өзбекстанда 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі және алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады

Өзбекстан парламенті 27 желтоқсандағы отырысында «Алкоголь өнімдері мен темекіні таратуды шектеу жөніндегі» заң жобасының жаңа редакциясын мақұлдады.

Заң жобасын парламенттің төменгі палатасы биыл 25 қазанда мақұлдаған. Заң жобасына ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойғаннан кейін үш айдан соң күшіне енеді.

Заң өлкеде 21 жасқа дейінгі азаматтарға темекі және спирт ішімдіктерін сатуға тыйым салады. Сонымен бірге аталған өнімдерді (газдалған және табиғи шараптардан басқасын) сауда автоматтары, механикалық құрылғылар мен электрондық сауда арқылы да сатуға және жеткізіп беруге тыйым салынған.

Бұдан бөлек темекіні, алкоголь және никотин өнімдерін де денсаулық сақтау, білім беру, мәдени, әлеуметтік орындарында, әуежайда, автобекеттерде, темір жол вокзалында, метрода, теңіз порттарында сатуға болмайды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий