Өзбекстанда 27 желтоқсанға дейін әке-шешесінің келісімімен 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға Pfizer вакцинасының 607 083 данасы салынды.
Өлкенің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, 432 641 бала вакцинаның бірінші компонентін алса, 174 442 балаға екі компоненті салынған.
Өзбекстанда жалпы COVID-19 вирусына қарсы 38 681 611 дана вакцина салынған.
Соңғы көрсеткіш бойынша коронавирус тәулігіне 100 адамнан анықталып, COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 198 487-ге жеткен. Індеттен көз жұмғандардың ресми көрсеткіші — 1484.