2022 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 1 наурызына дейін Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинге акциз салығы жойылды.
12 желтоқсанда Өзбекстан президенті «Күз-қыс маусымында қолданушыларды автобензинмен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында және бағаның өсуіне жол бермеу шаралары жөнінде» қаулыға қол қойды.
«Өзбекстан 24» телеканалының мәліметіне қарағанда, АИ-80 маркалы бензин бағасы 8,7% түскен.
Өзбекстан парламентінің депутаты Расул Кушербаев 13 желтоқсаннан бастап «Өзбекмұнайгаз» компаниясының май құю станцияларында АИ-80 маркалы бензин 5700 сумнан сатыла бастағанын айтты.
«Газета. уз» 13 желтоқсаннан бастап Аи-80 маркалы бензин литрі 1100 сумға арзанданғанын жазды.