Таяу күндері Өзбекстанда Аи-80 маркалы бензин бағасы 5500 сумға (0.5 доллар) дейін түседі деп мәлімдеді энергетика министрінің орынбасары Шерзод Хожаев.
Аи-80 маркалы бензин импортын және сатудағы қосымша салықты алып тастау бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс деді ол.
Қосымша салықты алып тастау екі ай бұрын жарияланған. Бұдан бөлек мұнай өндіруші зауыттар аталған маркалы бензинді шығаруды көбейтті. Қазір жанар май құю станцияларында Аи-80 маркалы бензин 6800 сумнан сатылып жатыр.