Өзбекстанда асханада газ жарылып, 10 адам жарақат алды

19 желтоқсанда Самарқанд облысы Ақдария ауданындағы «Лазат» асханасында газ жарылып, 10 адам жарақат алды. Бұл туралы Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, асхананың тамақ жасау бөлмесіндегі пропан құйылған екі баллонның біреуі жарылған. Ол жерде асханада тамақтанып жатқан адамдар болған.

Жарылыстан он адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Бұдан бөлек асхананың 40 шаршы метрге жуық алаңы мен жиһазы өртенген.

Бұл бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий