Өзбекстанда ауған босқындарына арнап шатыр тігіліп жатыр. Бұл туралы Gazeta.uz сайты аталған лагерде істеп жатқан медицина қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, бүгінгі күнге дейін Ауғанстанмен шектесетін Сурхандария облысының Термез ауданындағы уақытша лагерге 100-ден астам босқынды орналастырған.
«Талибан» қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулға 15 тамызда кіріп, өлкеде 20 жылға созылған азаматтық соғыстың аяқталғанын жариялаған. Онда ауған әскерінің бір бөлігі Өзбекстанға қашқаны хабарланған.
14 тамызда Өзбекстан аумағына 84 ауған жауынгері өткені жазылған. Олардың үшеуі жаралы болған.
Өзбекстан бас прокуратурасы 15 тамызда Ауғанстанның «ЭМБРАЙЕР-314» үлгісіндегі ұшағы Каршидегі «Ханабад» әуежайына қонуға рұқсат сұрап, бірақ Термез әуежайына жөнелтілгенін хабарлаған.