Өзбекстанда аяғы ауыр әйел өзін өртеп жіберді

Ферғана қаласында 24 қаңтарда 1987 жылы туған келіншек «Матиз» көлігінде өзін өртеп жіберген. Бұл жөнінде Өзбекстанның бас прокуратурасы хабарлады.

Тергеу мәліметі бойынша, ер адам азаматтық некедегі әйелін ауруханаға алып бара жатқан. Көлікте қызғаныштан ұрыс шыққан. Әйел көліктің ішіне бензин құйып, өртеп жіберген. Ер адам көліктен шығып үлгерген.

Дәрігерлер қайтыс болған келіншектің ішіндегі баланы тірідей туғызып үлгерген. Бірақ сәби көп ұзамай шетінеп кеткен.

Прокуратура бұл оқиға бойынша «өлімге жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий