Өзбекстанда азық-түлік қымбаттап жатыр

Өзбекстанда доллар бағамы өсіп жатыр. Осыған дейін бір доллар 10 500 сум болса, қазір 11 200 сумға жетті.

Доллар бағамымен қоса азық-түлік бағасы да қымбаттап жатыр. Мәселен Әндіжан базарында өсімдік майының бір литрі 80 мың сум болса, қазір 98 мың болған. Қанттың бір келісі 10 мың сумға сатылып жатыр. Осыған дейін 8 мың сум болған.

14 наурыздан бастап Ресей үкіметі азық-түлік, оның ішінде қант экспортына тамыз айына дейін тыйым салды.

Украина да қант экспортына шектеу қойған.

Өткен аптада Өзбекстанның Орталық банкі коммерциялық банктерге «рубльді сатуды және сатып алуды тоқтатпауды» ұсынған.

Дүниежүзілік банк мәліметінше, былтыр шетелде жүрген өзбек мигранттары еліне 7,5 млрд доллар аударған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Рубльдің құлдырауы еңбек мигранттары табысының екі есеге қысқаруына әкелді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий