Өзбекстанда білім басқармасы 9 жастағы бала мектепте зорланды деген мәліметті жоққа шығарды

30 мамырда Өзбекстанда Қашқадария облысының мектеп және мектепке дейінгі білім басқармасы Қасан ауданындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушылары 9 жастағы баланы зорлаған деген мәліметті жоққа шығарды.

Басқарманың мәлімдеуінше, 11 мамырда сағат 15-16-да бесінші сынып оқушылары спорт залында «ойыншық жыланмен» үшінші сынып оқушыларын қорқытқан. Содан кейін оларды «шешіндіріп, бір оқушының денесінен, белден төменгі мүшелерінен ұрған».

Білім басқармасы «дәрігерлер дәл осылай болғанын медициналық тексеру қорытындысымен дәлелденгенін, ол мәлімет кейінірек жарияланатынын», ал оқушының анасы журналистерге медициналық тексеру нәтижесінсіз ақпарат бергенін мәлімдеді.

30 мамырда кешке Азаттықтың «Мигрант медиа» жобасы «Қашқадария оқушылары 9 жастағы баланы зорлады деген күдікке ілікті» деп аталатын видео жариялаған.

Оқушының анасы болған оқиғаны төрт күннен кейін ғана білгенін, бірден мектеп әкімшілігіне, ішкі істер органдарына шыққанын айтқан. Екі аптадан соң балаға сот-медициналық сараптама жүргізілген.

Мектеп директоры үшінші сынып оқушысын спорт залында зорлады дегенді естімедім деп мәлімдеген. Дегенмен Қасан аудандық ішкі істер басқармасы алдын ала тергеу амалдары жүріп жатқанын растады.

Қашқадария облыстық мектеп және мектепке дейінгі білім басқармасының мәлімдемесі видео Азаттықтың Өзбек қызметі сайты мен әлеуметтік желілерде таралғаннан үш сағаттан кейін жарияланды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий