Ташкент мемлекеттік педагогикалық университет деканының орынбасары 3-курста оқитын қызға әлімжеттік көрсетті деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Өзбекстанның ІІМ ресми өкілі Шохрух Гиязов мәлімдеді.
Nemolchi жобасы хабарлағандай, 18 қазанда М.К. есімді студент қыз сыйақыға мінездеме алу үшін деканның жастар ісі бойынша орынбасарының бөлмесіне барған. Ол әлімжеттік көрсете бастаған кезде, студент қатты шыңғырып, сырттағылар бөлменің есігін ұра бастаған. Осы кезде деканның орынбасары студентті терезеден сыртқа итеріп жіберген.
Ауруханаға жеткізілген студенттің жанбас сүйегі сынып, миы шайқалып, денесі көгергені анықталған.
Гиязовтың айтуынша, қазір деканның орынбасарына қарсы қылмыстық іс қозғалып, 23 қазанда ол қамауға алынған.