Өзбекстанда экономикалық өсім бәсеңдеді

Өзбекстанда наурыз айында инфляция деңгейі 10,5 пайызды құрады. Елдің Орталық банкі хабарлағандай, бұған ұлттық валютаның құнсыздануы, сыртқы жағдайлар, азық-түліктің қымбаттағаны себеп болған.

«Сыртқы жағдай біздің аймаққа кері әсерін тигізіп ғана қоймай, қамсыздану шынжырын үзіп, логистикалық жүйенің уақытша тоқтауына алып келді», — делінген мәлімдемеде.

Өзбекстандық экономистер азық-түлік тауарларының бағасы 20-30% қымбаттағанын, Орталық банктің көрсеткіші шындыққа жанаспайтынын айтады. Экономист Акмал Тошбек Орталық банк есебінде азық-түлік нарығындағы ең төменгі бағаны көрсеткенін білдірді:

– Мәселен, бірқатар өнімдердің бағасы төмендеп, енді бірқатары қымбаттады. Наурызда базарда жаңа картоп шықты, ал есепте ескі картоптың бағасы көрсетілген. Шын мәнінде инфляция деңгейі 10,5 % жоғары.

7 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ішкі нарықта азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырған.

10 сәуірде Дүниежүзілік банк Украинадағы соғыстың басқа елдердің экономикасына тигізіп жатқан әсері жөнінде баяндама жасаған. Оған сәйкес, Өзбекстанда 2022 жылы экономикалық өсім 3,6 % дейін төмендейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий