Өзбекстанның барлық аймағында 2 ақпаннан бастап газ толтыру бекеттері біртіндеп ашыла бастады. Билік оларды 22 күн бұрын жапқан.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, газ құю бекеттерінің қайсы қашан ашылатынын жергілікті биліктер анықтайды. Олар әкімшілік дайындаған тізімге сай біртіндеп жұмысқа кіріседі.
Өзбекстанда биыл 12 қаңтарда автокөліктерге газ құю бекеттері жабылып қалған. Шенеуніктер мұндай бекеттерді халық пен бюджет мекемелерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жапқан.
Министрліктің хабарлауынша, газ құбырларындағы қысым тұрақталуына байланысты газ құю бекеттерін қайтадан іске қосу туралы шешім қабылданған.
Ресми мәліметте бекет жұмысына қатысты шектеулер толық жойылмағаны жазылған.
Шенеуніктер газ құю бекеттерін күн жылығанда ашуға уәде берген. Алайда елдің ең суық өңірі саналатын Қарақалпақстанда мұндай бекеттердің жұмыс істеп жатқанына төрт күн болды. Билік оның себебін түсіндірмеді.
12 ақпанда автокөліктерге метан құятын бекеттер жабылып қалған соң елде бензин қымбаттап, жанармай бекеттерінде кезек пайда болды.