Өзбекстанда автокөлік иесінің жақын туыстарына (ата-анасы, күйеуі (әйелі), балалары, бауырлары) нотариуста бекітілген сенімхатсыз көлік жүргізуге рұқсат берді.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, нотариалды жүйені жетілдіруге байланысты үкімет бірқатар шешім қабылдап, заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген.
Жаңа тәртіп бойынша, автокөлік қожайыны сақтандыру полисінде туыстарының аты-жөнін көрсетуі керек.
Бұған қоса сақтандыру полисінің бланкі жаңарды.
Енді жол ережесін қадағалаушы органдар автокөлік жүргізген адамның есімі сақтандыру полисінде көрсетілсе, одан нотариуста бекітілген сенімхат талап ете алмайды.