Өзбекстанда көлік жүргізушісін жол бойында өлтіріп кеткен (видео)

Өзбекстанның Үргенч қаласында күндіз көше бойында тоқтап тұрған көлік жүргізушісін өлтіріп кеткен. 2 маусымда бұл оқиға бақылау камерасына түсіп қалып, оның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Видеодан бірнеше адам жол жиегінде тоқтап тұрған Cobalt маркалы көлікке барғанын, біреуі көліктің алдыңғы орындығында отырған жүргізушіге бірнеше рет пышақ сұққанын көруге болады. Видеоның төменгі жағында жүргізушіге сегіз адам шабуыл жасалғаны айтылады.

8 маусымда Өзбекстанның бас прокуратурасы бұл оқиға бойынша іс қозғалып, күдікті қамауға алынғанын мәлімдеді. Одан бөлек жеті адамға бұзақылық бабы бойынша айып тағылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий