Өзбекстанда 1 мамырдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны 15 % қысқартылады. Тиісті жарлыққа өлке президенті Шавкат Мирзияев қол қойды.
Оған сәйкес, мемлекеттік басқарудағы, оның ішінде департаменттер мен бөлімдердегі 5 288 қызметкер қысқартылады. Бұдан тысқары министрліктер мен мекеме жетекшілерінің 40 орынбасарының қызмет орындары жойылады.
Шавкат Мирзияев билікке келгеннен кейін Өзбекстанда министрліктер екі есеге көбейген. Ислам Каримов тұсында 13 министрлік болса, қазір олардың саны 24. Бұдан бөлек министрлік дәрежесіне тең тағы 10 мемлекеттік комитет бар. Сонымен бірге Қарақалпақстан республикасының министрлер кеңесінің төрағасы да премьер-министрдің орынбасары болып есептеледі.