Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті

Жексенбі күні Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті. Кешкі 17:00-ке дейінгі мәлімет бойынша, сайлауға дауыс берушілердің 69,85%, яғни 13,459 миллион адам қатысқан.

Президент лауазымына іс басындағы президент Шавкат Мирзияев пен шартты оппозициялық партиялардан тағы үш кандидат ұсынылған.

Саясаттанушылар қазіргі президенттің қайта сайланатыны — алдын ала шешілген мәселе деп санайды.

Биыл 30 сәуірде Өзбестан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетіні хабарланған. Бұл конституция бойынша, президент өкілеті бұрынғыдай бес жыл емес, жеті жыл болады.

Сондықтан 2016 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келе жатқан Шавкат Мирзияевтің бұрынғы мерзімдері жоққа шығарылып, оған қайтадан екі мерзім президенттікке түсуге (2037 жылға дейін) құқық беріледі. Жаңа конституцияда президент өкілеті күшейген.

Саясаттанушы Рафаэль Саттаров Deutsche Welle басылымына бергенсұқбатында «ешқандай тосын сый күтудің қажеті жоқтығын» айтқан.

«Еліміздің тарихындағы ең сұрқай сайлау. Халық Мирзиявтан өзге кім ұсынылып жатқанын білмейді де. Сайлау кезінде осылай белгісіз адамдар пайда болып, сол сәтте қайта ұмытылады, өйткені қандай да бір оппозиция туралы сөз қозғаудың өзі артық», — деді ол.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий