Өзбекстанда министрлік қызметкерлері қысқартылады

Өзбекстан президентінің 25 қаңтардағы жарлығына сәйкес, мемлекеттік мекемелерде 17 447 адам қысқартылады.

Атап айтқанда, министрлік пен мемлекеттік мекеме басшысы орынбасарларының саны қысқартылады. Жалпы 207 адамнан 144-і қалуы тиіс. 703 көлік пен 10 ғимарат босатылады.

Қысқарту нәтижесінде бюджеттен 1,5 трлн сум (133,4 млн доллар), мемлекеттік көліктерді қысқартудан 70 млрд сум (6 млн доллар) үнемделмек.

Министрлік пен мемлекеттік мекемелердің жалпы қызметкерлері 56 573 мың адам болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий