Өзбекстанда нәрестелерін сатпақ болған екі әйел ұсталды

Өзбекстанның Сырдария облысы Гүлистан қаласында сәбиін 5000 долларға сатуға әрекет еткен әйел ұсталды.

Сырдария облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел ақша алып жатқан кезде ұсталған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл оқиғадан бір күн бұрын Ташкент қалалық соты туғанына үш күн болған сәбиін 18 мың долларға сатпақ болған әндіжандық әйелге үкім шығарған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий