Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру 28 маусымнан 5 шілдеге дейін созылады. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мәлімдеді.
ОСК 20 маусымда қабылдаған тоқтамға сәйкес, сайлау учаскелері жұмыс күндері 9:00-дан 18:00-ге дейін, демалыс күндері 11:00-ден 17:00-ке дейін ашық болады.
Алдын ала дауыс беру сайлау күні тұрғылықты жерінде бола алмайтын азаматтарға арналған. Ол үшін неге дауыс бере алмайтынын түсіндіріп, аймақтық сайлау комиссияларына арыз жазуы керек.
Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 шілдеде өтеді.