Өзбекстанда ресми БАҚ Украинадағы соғыс жайлы ләм-лим демейді. Ресми Ташкент бейтарап ұстанымда қалып отыр.
Бірақ 17 наурызда елдің сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Өзбекстан Украинаның тұтастығын қолдайды, ЛХР және ДХР-ды мойындамайды деп мәлімдеген.
Бірер күн бұрын Әндіжан мемлекеттік университетінде оқытушылар мен студенттер арасында Украинадағы соғысқа байланысты жанжал туындаған. Студенттер бір оқытушының Ресей агрессиясын ақтауға тырысқан пікіріне қатты ашуланып, наразылық білдірген. Осыған байланысты университетте арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілген.
Тексеру нәтижесінде, 67 жастағы оқытушы «қатаң сөгіс» алған.
Жергілікті «Елтұз» газетінің жазуынша, оқытушы әр сабақ сайын Ресейді мақтап, Бучадағы жаппай адам өлтіруді Украинаның өзі қолдан ұйымдастырды деген. Бұған қарсы болған студенттер оқу орны басшылығына шағым түсірген.