Өзбекстанда сәуір айында ғана ресейліктердің қатысуымен 103 компания құрылды. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда төрт есе көп көрсеткіш.
Мемлекеттік статистика комитетінің есепбіне қарағанда, 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында Өзбекстанда шетел азаматтарының қатысуымен 798 компания тіркелген.
Бірінші орынды Ресей (210 компания), екінші орында Түркия (128), аk үшіншісінде Қытай (74) тұр.
Өзбекстанда құрылған ресейлік компаниялар саны Мәскеудің Украинадағы «арнайы операциясы» басталғаннан соң күрт көбейген. Мәселен, Өзбекстанда қаңтар айында 23 ресейлік компания тіркелген, ал сәуір айында 103 компания жаңадан ашылған.
Бұған қоса Өзбекстанда сәуір айында ақпарат және байланыс саласына қатысты 45 компания шетел капиталының қатысуымен құрылған.
Өзбекстанда IT компаниялардың көбеюі Мәскеуге қарсы салынған санкциялармен байланысты. Ресейдегі ақпараттық технологияға қатысты компаниялар санкциялардан қашып, кеңселерін Орталық Азия елдеріне көшіре бастаған.