Өзбекстанда сүт қабылдайтын орындар ашылады

Өзбекстан үкіметі жер-жерлерде сүт қабылдайтын орындар ашу бойынша іс жүргізіп жатыр.

Президент Шавкат Мирзияев 17 сәуірде сүт қабылдайтын орындарды ашу жөніндегі жоспарды қабылдаған. Оған сәйкес, сүт қабылдайтын орындар кемінде жүз сүт өндіретін шаруамен жұмыс істейді. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 10 миллион доллардың грантын жұмсайды.

Өзбекстанда соңғы бір жылда сүт өнімдері 20,2 пайызға қымбаттаған.

Өзбекстан жыл сайын 10 миллион тоннадан астам сүт өндіреді. Өлке 2015 жылдан бері сүт өндіру бойынша әлемнің алдыңғы 20 мемлекеттің қатарына енеді. Онда Өзбекстан Wawamustats халықаралық ұйымның рейтингінде бір жылда 9,9 миллион тонна сүт өндіру көрсеткіші бойынша 18-орынға жайғасқан. 2019 жылы 10,5 миллион тонна көрсеткішпен 17-орынға көтерілген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий