Өзбекстанда сауда орталығында болған жарылыстан бір адам қаза тапты (видео)

7 желтоқсанда түнде Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сұрқандария облысы Денау қаласындағы сауда орталығында жарылыс болды. Бір адам қаза тапты, тоғыз адам жараланды, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік.

Министрлік мәліметінше, жарылыс түнгі сағат 03:57-де болды. Екі қабатты «Инденим» сауда орталығы қала орталығында орналасқан. Жарылыстан соң ғимарат өртенді, соның салдарынан оның бір қабырғасы опырылып түсті.

«Жарылыс салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Олар қалалық ауруханаға түсті. Үйінді астынан бір мәйіт табылды», – делінген министрлік таратқан мәліметте. Жарылыс себебін билік әзірге жариялаған жоқ.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий