Самарқанд облысының Иштихан ауданында жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметкері «My5» телеканалының журналистеріне тиесілі жады картасын шығарып, шайнап тастаған. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.
14 маусымда «My5» телеканалының қызметкерлері жергілікті диқан базарындағы өрт туралы репортаж дайындау үшін барған. Репортаж дайындау кезінде аудандық әкімдіктің өкілі Ильхом Бобоев олардың камерасындағы жады картасын шығарып алған. Бұл оқиға суретке түсіп қалған.
«Әкімдіктің баспасөз қызметкері өрт болған жерді түсіруге тосқауыл қойып, мәселе шешілгенін айтты. Біз мәселені емес, өрттің себебін түсіруге келгенімізді айттық. Бірақ ол қарсылық көрсетіп, камерамызды тартып алып, оның жады картасын шығарып, аузымен шайнап тастады. Әрі қарай картаны жұтып жіберді ме, лақтырып жіберді ме, білмейміз. Онда өте маңызды мәліметтер болған еді», — деді телеканал тілшісі.
Самарқанд облыстық әкімдігі бұл іс бойынша қызметтік тергеу басталғанын жеткізді.